Түркістан облысында электр қуатымен жүретін автобустарды жасайтын зауыт салынбақ. Өңірдегі жолаушылар тасымалымен айналысатын 44 көлік компаниясының меншігіндегі 1300 қоғамдық көліктің көпшілігі ескірген.
«Қоғамдық көліктерді жаңалауға тапсырма берілді. Түркістандағы жалғыз тасымалдаушы былтырдың өзінде 20 жаңа көлік сатып алды, биыл тағы да бірнеше автобустар сатып алмақшы. Бұған қосымшалар біз алматылық компаниямен келісіп, электр қуатымен жүретін автобустардың зауытын салайын деп жатырмыз. Ол электробустар жаңа шағынаудандарда қатынайды, ал ескі Түркістанда қостанайлық автобустар жүреді. Қостанайдың жаңа 50 автобусын аламыз деген келісім бар. Тасымалдаушы компаниялардың деңгейін көтеру жөнінде тапсырма бар», деп атап өтті өз есебінде облыс әкімі.
Бұл жағымды жаңалықпен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында өткен халықпен кездесуінде бөлісті.
Шынар Оразова