Тойханалардан түсетін салық көп. Бұл турасында 2019 жылды қортындылаған Абай ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары хабарлады.

Жалпы аудан бойынша 65 тойхана бар. Өткен жыл қортындысымен, комитет құзыретіне кіретін республикалық және жергілікті бюджет кіріс көздері бойыша түседі деп болжамданған сома толығымен қамтамасыз етіліп, мемлекеттік бюджет жоспары 100 пайызға орындалды.

Ал жергілікті бюджет 101 пайызға қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, биылдан бастап әрбір кәсіпкер өз табыс салығын жасыра алмайды. Себебі, 2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап онлайн бақылау кассалық аппараттарын алуы міндеттелген.

Өткен жылы аудан бойныша мүлік пен көлік, жер салығы 4523 салық бұйрығы жеке сот орындаушылар палатасына тапсырылды. Бүгінгі таңда соның 1227 салық бұйрығы бойынша, 18 млн7 теңгеден астам сома өндірілген.

1086 заңды тұлғамен, жеке кәсіпкерлердің 59,5 млн. теңге өсімпұл сомасы, 14125 жеке тұлғаның 24,8 млн. теңге өсімпұлы рақымшылық аясында жойылды.

Ғалымжан Кенжебек