Кезекті көлік апаты Н. Төреқұлов көшесі мен Манатбек Сматулаев көшелерінің қиылысында тіркелді. Бұл жағдайға да дәрігерлердің көмегі қажет болды. Қиылыста «Хюндай сонатаның» таксомоторы «Хюндайдың» антологиялық маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Куәгерлердің айтуы бойынша Манатпек Сматулаев көшесінің бойымен екінші жолақтан «Хюндай» жүргізушісі аяқ-асты «Сонатаға» жол бермей шығып кетеді. Мұндай маневрді күтпестен Таксомотор жүргізушісі апат салдарын болдыртпау мақсатында тежегішті басып үлгермеді. Одан әрі инерция бойынша «Соната» автомобилі жол жиегіне шығып, жеке үйдің қақпасы мен қорғанын құлатады.

Оқиға орнында куәгерлер 103 пультіне қоңырау шалған. Жедел жәрдем бригадасы екі жүргізушіні де ауруханаға жатқызды. Автокөліктерге айтарлықтай шығын келтірілген. Апат орнына арнайы мамандар келіп жетті.

Нұрлан Сұлтанбек