Жылқы ұрлаған күдіктілер күшейтілген заңмен жауапқа тартылуда

124

 

Жаңа жылдан бастап, елімізде бірқатар қылмыстар бойынша жауапкершілік күшейтіліп, жаңа қылмыс құрамдары енгізілген болатын. Өзгертілген заңнама 2020 жылғы 11 қаңтарда заңды күшіне енді. Оның ішінде ҚР ҚК-нің 188-бабынан (Ұрлық) мал ұрлығы бөлек, 188-1-бабы болып бөлінді және ол үшін қатаң жауапкершілік қаралды. Яғни (12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады)деп өзгертілді.

Осы жаңа заң аясында Бәйдібек АПБ-нің қызметкерлері жылқы ұрлаған күдіктілерді ұстады. Нақтырақ айтсақ, Бәйдібек АПБ-нің кезекші бөліміне ер азамат, жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында түнгі уақытта белгісіз тұлғалар тұрғын үйінің ауласында орналасқан қорасынан көкпарға қатысып жүрген жылқысын ұрлап кеткенін көрсетеді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 2 000 000теңгені құрады.

Аталған жайт Бәйдібек АПБ-не тіркелді. Осы ұрлық қылмысын ашу мақсатында аудандық тәртіп сақшылары қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды. Жылқының ізімен шығып, көлікке артқан жерден бейнебақылау камераларын тексерді. Осылайша полицейлер ақпарат көздері арқылы күдіктілерді ұстады.
Олардың бірі жергілікті тұрғын болса, екіншісі Төлеби ауданының тұрғыны болып шықты. Күдіктілер бірге құрылыс жұмыстарын жасайтыны анықталды. Олардан айғақты зат ретінде жылқы алынып, заңды иесіне қайтарылды. Күдіктілер қамауда.

Қазіргі таңда жаңа заң ҚР ҚК-нің 188-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға төрт түліктеріңізге сақ болып, қора-жайларыңызды мықтылап бекітіңіздер деп ескертеді. Малдарыңызды уақытылы таңбалап, ен салдырып отырыңыздар деп кеңес береді.