Қала әкімдігі тапшылыққа айналған маскалардың ресми бағасын мәлімдеді. Олардың тұрақтандырған бағасы бойынша енді көп қолдануға арналған медициналық дәкеден тігілген 4 қабатты маска-110 теңгеден, 8 қабатты маска-130 теңге, 16 қабатты-200 теңге, бөз матадан тігілген- 180 теңгеден саудалануы керек. Аталғандардың арасында бір реттік бетперде құны көрсетілмеген.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Шымкентте қазір маска тапшылығы жоқ. Бізде маска тігіншілері үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Оларға айтар алғысым шексіз. Күндіз-түні тыным таппай, қаланы бетпердемен қамту үшін барын салуда. Осыны ескеріп қала тұрғындарына да айтарым бар. Қатерлі індеттің алдын алу керек. Коронавирус Шымкентте тіркелмеді деп бейқам жүре беруге болмайды. Одан сақтану керек. Сондықтан да барлығын маскамен жүруге шақырамын».

 Назерке Үкібасова