Қазақстанда коронавирус жұқтырған 251 науқас тіркелді

56
фото inform.kz

Қазақстандағы коронавирус бойынша 29 наурыз сағат 11:30 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 адам тiркелді, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласында — 16 адам, Алматы қаласында — 4 адам, Атырау облысында — 1 адам, Қызылорда облысында — 1 адам. Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 151 адам, Алматы қаласында – 64 адам, Қарағанды облысында — 7, Ақмола облысында — 6 адам, Атырау облысы — 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында — 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам, Алматы облысында — 4 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстау облысында — 1 адам, Қызылорда облысында — 2 адам, жалпы 251 науқас тіркелді.