Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылында «Үміт» шаруа қожалығы  раушан  мен қалампыр гүлдерімен айналысады.

Былтыр шарушалық 10 мың дана калампыр, 40 мың дана раушан гүлін жинаған. Шаруа қожалығына тиесілі 4,5 гектар жер алқабының  0,60 га аталған гүл  түрлері жайқалып тұр.

Бүгінде тұрақты жұмыспен 5 адам қамтылса, маусымдық жұмысқа 15-20 тұрғылықты азаматтар тартылады. Алдағы 8 наурыз-халыралық әйелдер күні қарсаңында раушан гүлдің бір данасы 500 теңгеден босатылуда, ал қалампырдың бір данасы 150 теңгеден сатылуда. Былайғы күндері раушан гүлдердің құны көтерме бағамен 150 теңге төңірегінде, ал қалампырдың бағасы 70-тен 100 теңгеге дейін  барады.

Шынар Оразова