Шымкентте полицейлер алаяқтықтың сегіз жайт бойынша күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қала тұрғындарынан телефон соғу немесе суретке түсу үшін телефондарын алып,қашып кетіп, белгісіз бағытта жасырынып жүрген.

Полиция қызметкерлері жәбірленушілердің арыздары бойынша жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдіктіні жеке басын анықтап, ұстады. Ол Шымкент қаласының 24 жасар тұрғыны болып шықты. Аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша айыптау актісімен бірге сотқа жолданды.