Қазығүрт ауданының орталығында 200 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр.
Облыс әкімінің халық алдында есепті жиынында Жаңа базар ауылының тұрғындары мектеп тапшылығы жайлы мәселе көтеріп, қазір Қазақ ССР 20 жылдығы ауылында 200 орынға арналған мектептің құрылысы басталды. Ауданда былтыр 6 мектеп пайдалануға тапсырылса, биыл 3 өтпелі нысанның құрылысы жалғасуда
Қазығұрт ауданындағы 200 орындық мектептің құрылысы былтыр мамыр айында басталған. Қазіргі таңда жұмыстың негізгі бөлігі аяқталыпты. Мердігер ғимараттың терезелерін орнатып, еденін төсеп жатыр. Бөлмелерде әрлеу жұмыстары.
Жобалық сметалық құжат бойынша нысанның құрылысы 665 млн. 280 мың теңгеге бағаланған. «3 айда 210 мың теңгені игерідік. 173 млн. қаралған, 300 млн. биылға бөлінуі тиіс еді. Бірақ әлі есеп шотымызға түскен жоқ, өз қаражатымызға құрылысты тоқтатпай жүргізіп жатырмыз», учаске бастығы дейді Асқар Бұхарбаев.
Мердігерлер мектептің құрылысынан бөлек білім ордасының аумағын абаттандырады, спорт алаңшасын салып, жолдарды тегістейді. Құрылыстың барысы бірнеше мекеменің бақылауында.
Сонымен қатар, Тұрбат ауыл округіндегі Өндіріс ауылында 200 орынға арналған орта мектептің құрылысы, Ащыбұлақ ауылында жалпы орта мектептің қосымша ғимаратының құрылысы жүріп жатыр.
Шынар Оразова