Қосымша шектеу шаралары енгізілді

192

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылдың 28-ші наурызында түнгі сағат 00:00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізілгені белгілі.

Осы орайда, барлық мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық тамақтану орындарының қызметі сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелді.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, Шымкент қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының кіреберістерінде клиенттердің температурасын бақылауға арналған байланыссыз тонометр болуы тиіс. Бұл қоғамдық орындардың қатарында кафе, мейрамхана, қонақүйлерде орналасқан тамақтану орындары, көше бойындағы фаст-фуд, кафейня, балмұздақ, құйылмалы алькогольдік және алькогольсіз сусындар сату орталықтары және т.б. ғимараттар бар.

Егер, аталған нысандарда санитарлық нормалардың талаптары орындалмаған жағдайда ҚАТАҢ ШАРА ҚОЛДАНЫЛЫП, ҚЫЗМЕТІНЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛАТЫНЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ.