Қаладағы жаңа шағын аудан «Ақжайықта» бұған дейін емхана болмаған. Жеке үйлер мен көпқабатты тұрғын үйлер бой көтерген аумақта енді «Отау мед» клиникасы жұмыс жасайды.

Инвестор қолдауымен іске қосылған емхана 25 мың тұрғынды тегін емдейді. Осылайша кәсіпкерлер мемлекет қаржысын үнемдеуге қолдау көрсеттік дейді.

Қайрат Молдасейітов, Шымкент кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің төрағасы: «Елімізде үлкен вирус жүріп жатқанда мұндай мекеме қажет деп ойлаймын. Сондықтан да жұмысты ертерек бастап кеттік. Осы жерде тұратын азаматтар сапалы көмек алады. Халыққа ыңғайлы жағдай туғызады».

Айта кетейік, «Отау груп» бұған дейін тұрғын үй жанына мектеп пен балабақшаны қоса салатын. Енді міне олардың қатарына емхана қосылды.

Назерке Үкібасова