Абай саябағында залалсыздандыру шаралары басталды

281

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында  Шымкент қаласындағы Абай саябағында залалсыздандыру шаралары басталды.

«Жасыл қала» серіктестігінің 6 қызметкері күнделікті түске дейін демалыс аумағындағы жол жүретін жолдар, орындықтар мен спорт алаңшалары мен ондағы жабдықтарды дәрілейді.Құрамында хлоры бар ерітіндіні жұмысшылар осында дайындауда.Залалсыздандыру шаралары 16 сәуірге дейін жалғасады. Айта кететін жәйт, қаланың коммуналдық мекемелері профилактикалық шараларды шаһар аумағындағы барлық саябақтар мен гүлзарларда, ойын алаңшаларында жүргізеді.

Шынар Оразова