«Бетпақ далада» жаңа үйлер бой көтереді

288

«Тұран» шағынауданының болашағы зор. Алдағы 3 жылда Шымкенттегі «Тұран» шағынауданында 384 көпқабатты тұрғын үй құрылысы қолға алынады. Қазірдің өзінде бұл жерден 20 баспана бой көтерген.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов жаңа ауданның инфрақұрылымымен танысып қайтты. Қазір бұл аумақ «бетпақ дала» болып жатыр. Болашақта бұл жерден зәулім тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтереді. Жыл соңына дейін 80 баспананың құрылысы қолға алынады.

Бүгінгі таңда 42 үйдің мердігері анықталып, оның 20-да құрылыс басталды. 26 үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген.

Шаһар басшысы «Асар-2» шағынауданында салынып жатқан 1200 орынды мектептің құрылыс басына барды. Шымкенттің шеткі аумағындағы елді-мекен балалары мектеп тапшылығы салдарынан 3 ауысымда білім алып келеді. Осы түйіткілді шешу үшін білім ғимаратының құрылысына қарқын беріліп отыр. Нысанның құрылысы биылғы жылдың шілдесінде қолға алынды. Өндірістік кестеге сай жыл аяғына дейін аяқталуы тиіс.

Алайда шаһар басшысы жаңа оқу жылына сақадай сай етуді тапсырды. Құрылыс сапалы әрі уақытылы аяқтаулы тиіс. Жұмыс барысымен танысқан қала әкімі құрылысшыларға осыны мықтап тапсырды. Бастысы, инфрақұрылыммен қамту мәселесі назардан тыс қалмау қажет деді билік өкілдері.

Мақпал Рысбаева