Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында қалып қойған жолаушыларға жергілікті ауыл тұрғындары көмектесті. Жолда қалған жұртты олар далада қалдырған жоқ. Әкімдік әскери палаталармен қамтыса, ауылдағы ағайын үш мезгіл ас-ауқатын әкеліп тұрған.


Жәнібек Бердібаев, Жібек жолы ауылының тұрғыны: «Күніне үш мезгіл тамақ істеп, оған көрші аудандардан, ауылдардан, Шымкенттен зат алып келді. Бүгін соңғысы өтіп жатыр. Барлығы ырзашылығын айтып».

Арада екі күн өткеннен кейін кептелісте тұрғындар қарасы саябырсыды. Айта кетейік, Өзбекстан қатерлі індет қарқыны күшейе бастағаннан өз шекарасына шектеу қойған еді.

Назерке Үкібасова