Еріктілер блок-бекетте тұрған азаматтарға кешкі ас апарып берді

154

 

Қазір Қазақстан да әлемнің басқа елдері сияқты қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. Осынау қиын сәтте адамзаттың көмек беру, түсіністік пен мейірімділік, сенім, парыз сияқты қарапайым адами қасиеттерге зәру екені ақиқат.

Осыны ескерген Отырар ауданыың ерікті жастары мен кәсіпкерлері ауданға кіре беріс бақылау-өткізу бекеттерінде қызмет көрсетіп тұрған полицейлер мен дәрігерлерге кешкі ас апарып берді.

Күндіз-түні халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп тұрған абзал жандардың еңбегі зор. Жалпы аудандағы Түркістан-Шәуілдір, Шымкент-Шәуілдір бағытындағы күре жолдарға блокбекеттер қойылған. Аталған бекеттерде дәрігерлер мен полиция қызметкерлері сырттан келетін азаматтарды бақылауға алып, азаматтардың дене қызуын тексеруде. Мамандардың айтуынша әзірге дене қызуы жоғары азаматтар тіркелген жоқ.

Дәргерлер мен полиция қызметкерлері өздерінің қолдарынан келгенше көмек беруге ниеттенген ерікті жастарға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.