Инвесторлар қолдауымен екінші емхана қолданысқа берілді

130

Шымкент бойынша биыл 9 инвестор емхана құрылысын аяқтап, мемлекетке тапсырады. Оның екеуі бүгінде жұмысын бастаған.

Таяуда тағы екеуі қолданысқа берілмек. Ал, күні кеше тағы бір емхананы Қайрат Молдасейіт мемлекет игілігіне тапсырды. Онда енді 25 мың науқас ем қабылдай алады.

Темірхан Варзилов, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы: «Инвесторлардың мұндай бастамасы әрине көңіл қуантады. Және өзге де кәсіпкерлерге үлгі. Шымкентте карантинге жатқызылғандар қатары көбейген жоқ. Қайта азайып жатыр. Кеше ғана бақылаудағылардың бір бөлігі үйіне шығарылды».

 

Назерке Үкібасова