Иорданияда өткен турнирден жерлесіміз Закир Сафиуллин олжалы оралды. Іріктеу жарысында спортшы 63 келі салмақты сынға түскен болатын.
Қытай, Иордания, Өзбекстан былғары қолғап шеберлерімен жұдырық түйістірген Сафиуллин бәсекені екінші орынмен түйіндеді. Ал, ширек финалда Токиода өтетін төртжылдықтың басты бәсекесіне жолдама алды.
Бірақ, жерлесіміз ақтық кездесуде әділетсіздік болғанын айтады. Ол алтын үшін өзбекстандық боксшымен таласқа түскен еді. Бірақ, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіс көрші елдің атлетіне бұйырды. Айта кетейік, отыздан асқан боксшының бұл алғашқы олимпиадасы болмақ.
Назерке Үкібасова