Киім-кешек дүкендері өз жұмысын тоқтатпайды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

Қала әкімінің сөзінше азық-түліктен өзге затты сататын кәсіпкерлер таңғы 11:00-ден кешкі 17:00-ге дейін жұмысын жалғастыра алады. Еске сала кетейік, бұған дейін қаладағы ірі сауда орталықтары жұмысын тоқтатқан еді.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Әзірге киім-кешек, азық-түлік базарлары өз жұмысын тоқтатпайды. Оны тоқтататын әзірге себеп жоқ. Тек төтенше жағдай кезінде көрсетілген уақыт бойынша жұмыс істей алады».

 

Назерке Үкібасова