«НПО ASEM» зауыты Нұр-Сұлтан қаласына 3 тонна антисептик жөнелтті. Елімізде орын алған төтенше жағдай барлық қазақстандықтарды алаңдатып отырғаны белгілі. Осы орайды Шымкент қаласы көмек беруді бастады.

Карантин жарияланғаннан бері медициналық бетперде, антисептик тапшы бола бастады. Дегенмен, халықтың сұранысын «НПО ASEM» зауыты қанағаттандырып отыр. Бүгін аталған зауыт карантинге жабылған Нұр-Сұлтан қаласына көмек ретінде 3 тонна антисептик өнімін жөнелтті.

Бүгінгі таңда зауыт тәулігіне 6 тонна антисептик өндіруде. 30 қызметкер екі ауысымда жұмыс істейді.

Бүгінде дәл осындай 5 зауыт бар. Ал, «НПО ASEM» зауыты өндіріс жағынан екінші орында. Сапасы жағынан алсақ, бірінші орында тұр.

«Қазіргі таңда әлем мен Қазақстан халқын уайымдатып отырған коронавирус барлық салаға кесірін тигізуде. Бірі осы сәтті пайдаланып, қолда бар дүниесін еселеп саудаға салса, бірі халыққа шын ықыласымен қызмет етуде. Біздің ұжым халыққа қызмет ететін ұжымның қатарында. Қолымызда бар, халыққа қажетті өнімді өз бағасында ұсынып отырмыз. Біздің өнім сапалы. Сапаға жұмыс қалай істейміз. Ешқандай үстеме баға қосылмайды», — дейді «НПО ASEM» зауытының басшысы Мұхит Асанов.

Мақпал Рысбаева