Несие төлеуді кешіктіргендерге кешірім бола ма?

585

Қаржы нарығын реттеу және өңірлік дамыту агенттігі несиеге байланысты мәлімдеме жасады. Төтенше жағдай режимі кезінде енді жеке тұлғалар қарызын кешіктірсе, өсімпұл төлемейді.

Бірақ, бірінші және екінші деңгейлі банктердің аталған жағдайға өз талаптары бар. Олар қарызын кешіктіргендердің себебіне қарай кешірім беретінін жеткізді. Ол үшін несие төлеуді кешіктіретін тұлғалар несие алған банкке себебін айтып, өтініш жазуы керек. Процестің барлығы да онлайн түрде өткізіледі дейді банк өкілдері.

 

Назерке Үкібасова