Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеу шараларына түсіністікпен қарауды сұрады. Бұл туралы Мемлекет басшысы халыққа үндеуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Дүние жүзін коронавирустың таралуы алаңдатып отыр. Бұл індет күннен күнге ушығып барады. Өкінішке қарай, бұл індет біздің елімізде де тіркелді. Менің кешегі Жарлығыммен бүгін сағат сегізден бастап Қазқастанның аумағында төтенше жағдай енгізілді. Төтенше жағдай редімі отыз тәулікке созылады. Президент жанынан мемлекеттік комиссия құрылды. Оны Премьер-министр басқарады. Барлық қажетті алтдын алу шарасы жүзеге асырылады», — деді Президент үндеуінде.

Мемлекет басшысы қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынатынын жеткізді. «Көпшілік қатысатын іс-шаралар тоқтатылды. Көп азаматтар алдағы мереке күндеріне орай жоспар құрған болар. Дегенмен бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырмыз. Ірі сауда нысандарының жұмысын шектеуге мәжбүрміз. Бірақ азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын жалғастыра береді», — деді ол.