Шымкент қаласының кәсіпкерлік палатасында қоғамдық тыңдау өтті.

Бас қосуда мал және құс шаруашылығының өкілдері «Асыл тұқымды мал шаруашылығының өнімділігін мен сапасын дамытуға субсидия көлемін бекіту» жобасын талқылады. Құжат қабылданса құс пен мал шаруашылымен айналысатын кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудан құр алақан қаламыз деп базынасын жеткізді. Әлемде қалыптасқан жағдай, Иран, Қытаймен шекаралардың жабылуы мал етін өткізуде қиындықтар туғызуда. Есесіне қалалықтардың сатып алу қабілеті төмендеген. Табиғи монополияға қарсы комитеті мал мен құс еті және жұмыртқаға бағаны көтермеу жөнінде тапсырма берген. Бұл қалыптақсан жағдайда бағаны төмен ұстап және малды асылдандыруға шаруашалықты дамытуға мүмкіндік жоғын айтып кәсіпкерлер биліктен субсидия мәселесін шешіп беруді өтінуде

Шынар Оразова