Шымкентте банк бөлімшесіне шабуыл жасалды, -деп хабарлайды Polisia.kz. Осы жылдың 17 наурызында банк бөлімшесіне шабуыл жасаған күдікті ұсталып, ҚР ҚК-нің 192-бабы (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Банктің осы бөлімшесін күзетуді қамтамасыз еткен Күзет агенттігі қызметкерінің жеделдігі мен қырағылығының арқасында күдікті қылмыс орнында ұсталғанын айта кету керек.
Енді полиция қызметкерлері қылмыстың барлық мән-жайын тексеріп, егер бар болса қылмыс жасаушы сыбайластарын анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шараларын жүргізеді.