Шымкент: «Малибу» дәмханасына санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін хаттама толтырылды

239

 

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылдың 28-ші наурызында түнгі сағат 00:00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізілді. Талапқа сай, қоғамдық тамақтану орындарының қызметі сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелді.

Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындарының кіреберістерінде залалсыздандыру кілемшесі мен клиенттердің температурасын бақылауға арналған байланыссыз тонометр болуы тиіс. Және қолды залсыздандыру сұйықтығы мен қызметкерлер бір реттік бетпердемен және қолғаптармен қамтылуы тиіс.

Осы бағытта тексеріске шыққан мамандар, әсіресе, тамақтану орындарындағы талапты қатаң бақылауға алды. Санитарлық талаптарды орындамағаны үшін «Малибу» «Метелица» сынды тамақтану орындарына хаттама толтырылды.

БЕРІК ШОЙЫНБАЕВ; Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы ЖПБ басшысының орынбасары:
«Біз қазір Республика және Б.Момышұлы көшелеріндегі қоғамдық орындарды аралап шықтық. Бүгін ескертуге құлақ асып, талапты сақтамағаны үшін 5 жеке кәсіпкерге қаттама толтырылды».