Шымкент қаласының Полиция департаментінде халықпен өзара қарым-қатынасты нығайту үшін Сенім телефондары жұмыс істеуде.

Қаланың кез келген тұрғыны Шымкент қ. Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының 8 /7252/ 21-43-23 немесе Жедел басқару орталығының сенім телефонына 8 /7252/ 21-17-44 және ІІМ-нің бірыңғай сенім телефонына»1402″ хабарласып, ішкі істер органдары қызметкерлері тарапынан орын алған сыбайлас жемқорлық, лауазымдық өкілеттіктерін теріс және асыра пайдалану, бопсалау, сондай-ақ өзге де заңсыз іс-әрекеттердің жайттары туралы хабарлай алады.


Сенім телефонына түскен азаматтардың барлық өтініштеріне тиісті шаралар қолданылады және бірде-бір қоңырау назардан тыс қалмайды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі