«Шымкент Сити» аумағындағы мектеп пайдалануға дайын. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бастаған билік өкілдері 1200 орындық білім ғимаратымен танысты.

Мектеп төртінші тоқсанға балаларды қабылдауға сақадай сай. Нысан іске қосылғанда осы аумақтағы 3 ауысымды мектеп мәселесі шешіледі дейді басшысы.

Қазір қалада мектеп құрылысы қарқын алған. Салынып жатқан 13 білім ғимаратының 7-уі жыл соңына дейін шәкірттердің игілігіне тапсырылатын болады.

Мақпал Рысбаева