«Шымкент сити» аумағындағы мектеп пайдалануға дайын

382

«Шымкент Сити» аумағындағы мектеп пайдалануға дайын. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бастаған билік өкілдері 1200 орындық білім ғимаратымен танысты.

Мектеп төртінші тоқсанға балаларды қабылдауға сақадай сай. Нысан іске қосылғанда осы аумақтағы 3 ауысымды мектеп мәселесі шешіледі дейді басшысы.

Қазір қалада мектеп құрылысы қарқын алған. Салынып жатқан 13 білім ғимаратының 7-уі жыл соңына дейін шәкірттердің игілігіне тапсырылатын болады.

Мақпал Рысбаева