Бұл туралы Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» №285 Жарлығы негізінде, қала тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында, Шымкент қаласының қоғамдық көліктерінде бетперделермен (маска) жүру режимі ендіріледі. Қоғамдық көлікте және аялдамаларда адамдар арасында қауіпсіз қашықтықты сақтауды және жеке қорғау құралдарымен жүру қажеттілігін қатаң ескертеміз», — делінген хабарламада.