Шымкентте 120 сарбаз орталық алаңды зарарсыздандырды. Қалада тәждітажалды жұқтырған екі адам анықталған соң, санитарлы-эпидемиологиялық шаралар күшейтілді.

Сақтық шараларын қатайту мақсатында сарбаздар қаланың орталық көшелерін бүріккіш құрылғылармен залалсыздандырды. «Рубеж 660» зарарсыздандыру сұйықтығымен көшелерді, орындықтарды, бағдаршамды, жаяу жүргіншілер жолағын да зарарсыздандырды. Көшедегі көліктердің де доңғалақтары зарарсыздандыру жұмыстарынан тыс қалмады. Аталған шараға 120 сарбаз бен бірнеше техника тартылды.