Қаладағы көпқабатты үйлердің тұрғындары жылу беру маусымының аяқталуын тағатсыздана күтуде.Айтуларынша, күндіз сынап бағанасы 22 градусқа дейін көтеріліп, күн ысып, пәтерлерде терезелерді ашуға мәжбүрміз.«Қуатжылуорталық-3» мекемесі қала әкімінің қаулысымен жылу беру маусымы 143 күн деп белгіленген. Ол мерзім 22 наурызда аяқталуы тиіс болатын. Алайда, «Қазгидромет» қызметінің 22-і мен 27-ші  наурыз аралығында Шымкентте түнде о-градус болады деген хабарлама таратқандықтан жылу беру маусымы Шымкентте 31 наурызға дейін ұзартылды»,- дейді  «3-Қуатжылуорталық» МКК  жылу тарату бөлімінің басшысы Асқар Булешов.

Жылу берушілер төтенше жағдай жариялануына байланысты тұтынған жылуға төлемдер бойынша есеп айырысуды 2-3 айға созу жөнінде шешім қабылданғанын хабарлайды.

Шынар Оразова