Абай саябағының Қайрат Рысқұлбеков көшесі бойындағы аумағындағы темір қоршаулар алынып тасталып, жаяу жүргіншілер жолы кеңейіп, ажарлана түскен.

Қала әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы барлық демалыс орындарындағы қоршауларды алып тастамақ. Халық игілігіндегі саябақтар мен гүлзарлар, қоғамдық орындар болғандықтан  жабық емес ашық күйінде болуы тиіс,- дейді шенеуніктер.

Нұрлан Жаманкөз, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м. а: «Қаладағы барлық саябақтардағы қоршауларды алып тастау жөнінде қала әкімінің тапсырмасы бар. «Жеңіс» пен «Металлургтер» саябақтары қоршаусыз қазір. Абай саябағындағы қоршауларды алып тастау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Халық пайдаланатын қоғамдық орындар болғандықтан олар жабық емес қалаған уақытында кіре алатын демалыс орны болуы керек. Қоршауларды мемлекеттік мектептер, балабақшалар мен тұрақтарға орнатамыз».

Шынар Оразова