Шымкенттік келіншектер көрпе тігуде нәзік түстерді пайдаланады

703

«Көрпе фест» фестиваліне 350 қыз-келіншек қатысты. Ақысыз шеберлік сабағында олар көрпе тігудің қыр-сырын ақысыз үйренді.

Аталмыш фестиваль бұған дейін Нұр-Сұлтан, Ақтау және Атырау қаласында өткен. Ұйымдастырушы Ырза Тұрсынзадақызының айтуынша әр аймақтың өрнегі мен бояуы әр түрлі екен.


Ырза Тұрсынзадақызы, ісмер:»Маңыстауда өте ашық, қанық бояуларды жақсы көреді. Атырауда аралас. Ал, мына жерде бір нәзік, айқайламайтын бояулардан жасалған.»


Ал, тігіншілердің 3 күндік еңбегін қала әкімі келіп тамашалады. Көрмеге қойылған әр көрпені қарап шыққан ол өзіне ұнағандарын да таңдап алды. 200 мың теңгеден басталатын тұрмыстық жабдықтарды әкім ғана емес, кәсіпкерлер де сатып алатындарын айтты.

Назерке Үкібасова