Шымкенттегі ақша айырбастау пункттерінде доллар жоқ. Алдымен 440 теңгеге дейін жеткен көк қағазды тұрғындар кейін таба да алмай қалды. Ал, доллар алғысы кеп жүргендердің қарасы аз емес. Көбі жеке кәсібіндегі айналымға қажет екендігін айтады.

Ал, айырбас орынындағылардың айтуынша АҚШ валютасы биржада 350 теңгеге саудаланып жатыр. Сөздерінше көк қағаз құны 500 теңгеге жетуі де мүмкін.


Теңге тағы да құлдырады. Бұл жолы ақша айырбастау пунктерінде көк қағаз 425 теңгеден саудаланып жатыр. Шымкенттегі валюта айырбастау орындарында таңертең осылай сатылған доллар кейін тіпті сатылымда болмай қалды. Ал, оны іздеп жүрген жұрттың қарасы аз емес. Көбісі жеке кәсіптегі айналымға АҚШ валютасының керектігін айтады.

Ал, айырбас пункітіндегілер қолдарында доллар болмағандықтан оны сатылымнан алып тастағанын айтады. Оның қашан сатылымға шығатынын да білмейміз дейді валюта орындарының иелері.

Ал, бүгін мұнай бағасы 30 долларға көтерілді. Әлемдік мұнай бағасы қайта қалпына келіп, 4 пайызға жоғарылады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Brent және WTI маркалы мұнай төрт пайызға қымбаттаған.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07:45-те WTI маркалы сәуір фьючерсі 4,08 пайызға қымбаттап, барреліне 30,08 доллар болды. Brent маркалы мамыр фьючерсі 3,97 пайызға қымбаттап, барреліне 30,73 доллар болды.

      Назерке Үкібасова