ИЧ 167/4 түзету мекемесі

Қазақстанда 190 қыз-келіншек түрмеде жазасын өтеп жүр. 3 айдың өзінде аса ауыр қылмыс жасап, қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемелеріне 10 әйел қамалған. Бұл жөнінде республика бойынша қатаң режимдегі жалғыз абақты – Шымкенттегі ИЧ 167/4 түзету мекемесінің басшылығы мәлімдеп отыр.

Айтуларынша, мұндағы сотталғандардың дені – 28-38 жас аралығында. Олар адам өлтіру, есірткіге қатысты аса ауыр қылмыстарға барған.

Айнұр Әділбекова

Әйелдердің түрмедегі тіршілігі мен тәртібінің түзуленуі үшін түрлі жобалар қолға алыныпты. Мәдени-қоғамдық іс-шаралардан бөлек, тұрақты жұмыспен де қамтылған.

Айнұр Әділбекова, ИЧ 167/4 түзету мекемесінің бастығы: «Қазіргі уақытта мұнда тігін цехтарымен арнайы келісім-шарт негізінде 70 әйел тұрақты жұмыспен қамтылып, жалақысын алып, еңбекақысын туыстарына жолдап жүр. Сондай-ақ, сотталғандардың тәртібінің түзуленуі үшін мұнда тиісті тәрбиелік маңызы мол жобалар қолға алынып, жүзеге асып келеді. Биыл рақымшылыққа іліккені бар, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын 10 шақты әйел бостандыққа шықты».

Мөлдір Бекеева