Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Төлбасы Серік қайырымдылық қоры COVID-19 коронавирус эпидемиясымен күресу жолында қажетті медициналық шараларды жүзеге асыруға қаржылық қолдау көрсетті.

Қаланың медициналық қызметтері төтенше жағдайда жұмыс жүргізіп жатқанын ескере отырып, Қор 25 млн. теңге көлемінде қаражат бөлді.

«Мен ел үшін қиын-қыстау кезеңде әлеуметтік белсенді бизнес ел азаматтарын қолдаудың драйвері болуы керек деп сенемін. Біз барлығын коронавируспен күресте бірігуге және үкіметке мәселені шешуге көмектесуге шақырамыз. Уақытты жоғалтуға болмайды. Дәл қазір әрекет ету керек» — деді Төлбасы Серік.