Облыс орталығы Түркістанда замануи үлгідегі музыка мектебі іске қосылды. Мұнда балалар түрлі аспаптарда ойнап, музыка әлемінің қыр сырына қанығады. Жаңа өнер ошағында конференция өткізетін зал, және керемет сынып бөлмелері бар. Былтыр қарашада елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірде өнер мен мәдениет саласын дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді. Балалар шығармашылық ұжымдары Қазақстанның Тұңғыш Президентіне бірнеше музыкалық қойылым көрсеткен болатын. Қазақстанның Тұңғыш президенті Түркістандагы жаңа музыка мектебі балалардың дарынын ашып қана қоймай, олардың мәдениетті болып жетілуіне оң септігін тигізеді деді.