Елімізде коронавирус жұқтырудың жаңа 17 дерегі тіркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны 325-ке жетті, деп хабарлайды nur.kz
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында — 2, Алматы қаласында — 9 адам, Қызылорда облысында — 3 адам, Атырау облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 175 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында — 13 адам, Ақмола облысында — 10 адам, Атырау облысы — 13 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында — 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам, Алматы облысында — 8 адам, Ақтөбе облысында — 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 2 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстау облысында — 1 адам, Қызылорда облысында — 8 адам, Батыс Қазақстан облысында — 2 адам, жалпы 325 науқас тіркелді.