«Токио олимпиадасы екі жылға шегерілсе, спортшыларға оңай болмайды». Олимпиада ойындарына бокстан жолдама алған Закир Сафиуллиннің жаттықтырушысы осылай дейді.

Жуырда ғана жарыстан оралған ол әлемді дүрліктірген індеттің спортшыларға да кесірін тигізгеніне өкінеді. Тіпті осының әсерінен атлеттердің өмір бойы армандаған жарысты тағы да екі жыл күтетіні алаңдатып отыр.

Еске сала кетейік, тәжітажал спорт саласын да айналып өткен жоқ. Жаһанды жайлаған дерт кесірінен бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде жарыстар мен оқу-жаттығу жиындары тоқтатылды. Тіпті, Токиодағы олимпиаданың да екі жылға шегерілуі мүмкін. Осыған қарамастан шымкенттік боксшылар барлығының жақсы әрі жылдам аяқталарына сенеді. Олар енді сәуір айында өтетін Кубадағы жаттығу жиындарына дайындалмақ.

Назерке Үкібасова