Шымкент  ТМД елдерінің мәдени астанасына дайындық жұмыстары  шаһарда қызу жүргізіліп жатыр. Қаланың коммуналдық қызметі  негізгі көшелерді, демалыс аймақтарын абаттандырып, көгалдандырып жатқанда кәсіпкерлер де  шетте қалмай ат салысуда. Қаладағы  Тәукехан даңғылы , Республика даңғылындағы  ескірген  көпқаббатты үйлердің қасбеті жаңалануда. Айта кететін жәйт азаматтық ұстанымы берік  облыс мәслихатының бірқатар депутаттары тек Шымкент пен Түркістан қалаларындағы құрылыс жұмыстарына ғана емес, Арысты қалпына келтіруде белсенділік танытты.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты  халық қалаулыларына облыс мәслихатының соңғы кезектен тыс сессиясында табысталды.