Шымкенттегі Жоғары медицина колледжі алғашқы бакалавриат түлектерін ұшырды. Бұған дейін орта білім берген оқу орны жоғарғы білім беруді өткен жылдан бастаған.
Осылайша бұған дейін тек дәрігер көмекшілерін тәрбиелеген оқу ордасы енді жаңа міндеттерді де атқаруға мүмкіндік алды.
90 жылдық тарихы бар Шымкенттегі жоғары медициналық колледжінен бүгін 22 студент түлеп ұшады. Олардың барлығы еңбек өтілі бар мейірбикелер. Бұған дейін медициналық орта білім алған олар оқуды өткен жылы қайта жалғаған. Енді міне жылдамдатылған бакалавриат білімімен диплом алғалы отыр.
Сайжамал Бакеев, Шымкент жоғары медициналық колледжінің директоры: «Қазір бізде білім алған түлектеріміз өздері қабылдау өткізуге құқығы бар».
Диплом алғандардың бірі Шолпан Қабыланова. Облыстық перинаталлды орталықта аға мейірбике қызметін атқаратын ол білімін шыңдауды ұйғарған. Және Шымкент жоғары медицина колледжін таңдаған екен. Бұған дейін орта білімді осы жерде алған ол бүгін қызыл диплом алды.
Айта кетейік, медициналық колледж жоғары деген атақты 2017 жылы алған. Содан бері жылдамдатылған бакалавриат бөлімі жұмысын бастапты. Одан бөлек оқу ордасында тағы 78 студент бакалавриатта оқиды. Олардың барлығы да мемлекеттік грантта білім алып жүр.
Назерке Үкібасова