онлайн тіркеу

Карантин кезінде құжаттың жарамдылық мерзімі аяқталса, айыппұл салынбайды. Елдегі төтенше жағдайға байланысты қазір халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын тоқтатқан. Осыған байланысты мерзімі өткен куәлігін тұрғындар жаңарта алмай жүр.

Қазір олардың саны Қазақстанда 100 мыңға жуықтапты. Ішкі істер министінің орынбасары олардың қатары келесі айда тағы да көбейетінін айтты.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары: «Жарамдылық мерзімі өткен құжаттар саны өте көп. Келесі айда тағы 90 мың тұрғынның куәлік мерзімі аяқталады. Сондай-ақ, оларға тағы 60 мың құжат қосылады».

Мұндай жеңілдік автокөлік пен қару құжаттарының жарамдылығы мерзіміне де қатысты. Кешірім төтенше жағдайдағы шектеу уақыты аяқталғанға дейін жалғасады.

Назерке Үкібасова