Коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай енгізілгелі азық-түлік бағасы да өсті. Үкімет кейбір азық-түлік бағасын қалыпты ұстап тұру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек баға белгілеп, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу» туралы бұйрық шығарды.
Осы бұйрық аясында Шымкент қаласы мен Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасы неше теңге?
Бұл тауарларды сататын сауда орындарындағы шекті баға көрсетілген сомадан жоғары болса, қайда шағымданамыз?
Оң жақ кестеде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының шекті бағасы мен сататын дүкендер мекенжайын жарияладық. Барлық мәлімет Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтынан алынды.

Сонымен қатар Түркістан облысында да азық-түлік тауарларының шекті бағасы белгіленген. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мәлімдеді.
Мәселен, бірінші сотты бидай ұны — 169 теңге, бірініші сортты ұннан жасалған бидай наны — 155 теңге, күріш 216 теңге, сиыр еті — 1910 теңге, тауық жұмыртқасы — 28 теңге, күнбағыс майы — 434 теңге, ас тұзы — 49 теңге, қарақұмық жармасы — 327 теңге.
Басқарманың хабарлауынша, базар нарқындағы тауардың құны осы белгіленген бағадан асып кетпеуін қадағалау үшін мамандар сауда орындарына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

«Оңтүстік  Рабат», №15-16, 15 сәуір 2020 ж