1 -ші сәуірде жылу беру маусымы аяқталысымен Шымкентте алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті.
Оның барысында Желтоқсан мен Ильяев көшелерінің аралығында Қайрат Рысқұлбеков көшесіндегі тозығы жеткен құбырлар жаңалануда. «Қуатжылуорталық-3» мекемесі өткен жылдарда сыр берген учаскелердегі жылу жүйелерін кезеңімен алмастыруда. Бұл жолы қалада орамішілік және магистарльді құбырлар жаңаланады.
Пердебай Сәбитов, «Қуатжылуорталық-3» МКК директоры: «Жылуға тарифте ескірген құбырлар, жүйелер мен құрылғыларды жөндеуге қаржы қарастырылған. Инвестициялық баяғдарлама аясында биылға жоспарланған 108 млн-дай қаражатқа жылу жүйесіндегі магистралды және орамішілік құбырларды жаңаламақпыз. Қарасу, Шәмші Қалдаяқов көшелеріндегі көпқабатты үйлердің ауласындағы құбырлар, Жаңашахардағы және Республика даңғылындағы ескірген жылу жүйелері алмастырылады».
Шынар Оразова