Өрт сөндіру бөлімшелерде дезинфекциялық дәліз орнатылды

146

 

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру бөлімшелерінде қосымша сақтық шаралар енгізілді. Шымкент қаласындағы мамандандырылған жасақтың жеке құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дезинфекциялық дәліз орнатылды. Бұл құрылғыны мамандандырылған жасақтың өрт сөндірушілері өздері жасаған.

Күнделікті өрт сөндірушілер таңертен жұмысқа кірісер алдында барлық сақтық кезеңдерден өтеді:

біріншіден, тепловизер арқылы ден температурасы өлшенеді;
екіншіден, арнайы дезинфекциялық сұйықтықпен қолдарын тазалайды;
үшіншіден – дезинфекциялық дәлізден өтеді.

Сонымен қатар, мамандандырылған жасақтың өрт сөндірушілері «101» телефон арқылы келіп түскен хабарламалар бойынша өрт сөндіруге шығып, қайта оралған кезде арнайы киімдерін осы дәліз арқылы түгел залаласыздандырып, бөлім аумағына кіруі тиіс. Бұл сақтық шаралардың барлығы қауіпті індеттен жеке құрамды қорғау және оның көріністерін болдырмауға бағытталған.

 

QAINAR KÓZШымкент қ. ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялық тобы