Алдын ала берілген дауылды алдын алу ескертуге сәйкес қалада 2020 жылғы 12-13 сәуір аралығында жаңбыр жауды.
Осы күндері Қаратау және Абай аудандарының аумағына өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері 2 рет шығу жасап, екі көше бойында орналасқан үйлердің аулаларынан суды шығару жұмыстарын атқарды. Жалпы бұл жұмыстарға департаменттің 20-ға жуық жеке құрам және 4 техникасы жұмылдырылды, 200-ден аса текше метр су шығарылды.
Осы орайда, құрметті қала тұрғындары, көктем мезгілінде жауын-шашын және еріген қар сулары салдарынан су басу қауіпінің алдын алу мақсатында өз аумақтарыңыздағы ирригациялық және үй ішілік арықтарды қоқыстан тазалау жұмыстарына атсалысуларыңызды сұраймыз.