Шымкентте блок бекеттерді айналып кетпек болған 150 көлік жүргізушісіге шара көрілді. Бұл туралы Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді.

Қаланың шеткі елді мекендерінде үлкен автожолдарға шығып кететін соқпақ жолдар бар. Кіріп-шығуға тыйым салынған соң кей пысықайлар осы аумақтардан айналып өтпек болған. Құқық қорғау органдары әуе дрондарының көмегімен барлық жолдарды бақылауға алды. Аудан әкімінің айтуынша, Қаратауда 8 блок-бекет орнатылған. Әрбір блок-бекетте тәртіп бұзушыларды қадағалайтын 3 мобилді топ жұмыс істеуде.

Абзал Әліқұлов,Қаратау ауданының әкім: «Шектеу қойылған алғашқы күні осындай жолдармен өтпек болған 150 автокөлік ұсталып, оларға төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Осындай жолдардың барлығын қазып, автокөлік өте алмайтындай етіп бекіттік. Алайда, тұрғындар бәрібір айналып өтетін жолдар табады. Сондықтан құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып шекараны әуе дрондары арқылы бақылау туралы шешім қабылдадық».

Мақпал Рысбаева