ғаламтор алаяқтары

42500-ге арналған телеграм боттың жалған нұсқаларынан сақ болыңыз!

Телеграм мессенджерінде 42 500 теңгелік әлеуметтік төлемді алуға өтінім беруге арналған жалған боттардың пайда болғанын бұрын да хабарлаған едік. Жалған боттар азаматтарға бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) және басқа да төлемдерді төлеу үшін банк шотын ұсынады. Мұндай телеграмботтар фейк болып табылады және азаматтарды адастырады.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мұндай телеграм-боттардың жалған екенін және оған алданып қалмауды ресми түрде ескертеді.

«42500 жәрдемақыға өтінімді төменде көрсетілген ресми боттар арқылы берулеріңізді сұраймыз. Бұл боттар тек өтінім қабылдайды және қандай да бір шотқа төлем төлеуді талап етпейді. Ресми боттар ешқандай банк шотын ұсынбайды. Сондай-ақ, egov.kz және 42500.enbek.kz. сайттары арқылы да өтінім бере аласыз»,-дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының өкілі Алтынай Татаева.

Ресми боттардың тізімі:
1. https://t.me/Help42500Bot
2. https://t.me/NurSultan42500Bot
3. https://t.me/Almaty42500Bot
4. https://t.me/Shymkent42500Bot
5. https://t.me/JambylObl42500Bot
6. https://t.me/Kostanai42500Bot
7. https://t.me/Karagandy42500Bot
8. https://t.me/Atyrau42500Bot
9. https://t.me/Turkistan42500Bot
10. https://t.me/Aqtobe42500Bot
11. https://t.me/Pavlodar42500Bot
12. https://t.me/Mangystau42500Bot
13. https://t.me/ZKO42500Bot
14. https://t.me/Qyzylorda42500Bot
15. https://t.me/SKO42500Bot
16. https://t.me/VKO42500Bot
17. https://t.me/AlmaObl42500Bot
18. https://t.me/Akmol42500Bot

Арнайы Шымент қаласының тұрғындарына: 4. https://t.me/Shymkent42500Bot