24.кз

Шымкентте антисептикті заңсыз сатпақ болған пысықайлар ұсталды. Қысылтаяң шақты қалт жібергісі келмеген олар сауданы дендросаябақ маңында жасамақ болған.

Шаһардың 21 және 22 жастағы тұрғындары еш жерде жұмыс істемейтіні белгілі болды. Қос жігіт сұйықтықтың 5 литрін — 9 000 теңгеге, 1 литрін 2 500 теңгеге, ал 100 мл — 650 теңгеге бағалаған. Табылған антисептиктің жалпы құны 510 мың теңгені құрайды.

Назерке Үкібасова