8 наурыз мерекесі қарсаңында нәзік жандыларға арнап Арбатта ән шырқаған Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерінен құралған «Полиарт» тобы көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген болатын.

Көптеген өтініштер бойынша, бүгін сағат 17:00-де талантты қызметкерлер Шымкент қаласы Полиция департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасының тікелей эфирінде шағын-концерт ұйымдастыратын болады.