Арыстық 2 жастағы сәбиден індет анықталды

116

2020 жылғы 6 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 33.

Арыстық 2018 жылғы сәби, Кентау қаласының 1982 жылғы, 2003 жылғы, 2005 жылғы тұрғындарынан алынған талдама нәтижелері бойынша олардың вирус жұқтырғаны анықталды.

Олардың барлығы Шымкентке Нұр-Сұлтан бағытындағы 076 поезбен келген жетісайлық азаматшамен байланыста болған науқастардың жақын туыстары.
Соңғы түскен мәліметке сәйкес 1990 жылғы Жетісай қаласының тұрғыны да коронавируспен ауырып жатқан науқаспен жақын байланыста болған.

Жалпы облыс бойынша Жетісайда — 13, Кентау-5, Ордабасы-1, Сайрам-2, Мақтарал-4, Арыс-6, Сарыағаш-1 тұрғыны індетке шалдыққан.